Мөлдір Әуелбекова денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілгенін айтты

Өнер иесінің айтуынша, былтырдан бері бүйрегі мазалап жүрген көрінеді.

Мөлдір Әуелбекова денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жеткізілгенін айтты
instagram
570

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова денсаулығы нашарлап, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 

Өнер иесінің айтуынша, былтырдан бері бүйрегі мазалап жүрген көрінеді.

«Бүгінгі жағдай... Көрсетілген жәрдемді бөліспесем болмайды. Сіздерге ауадай қажет болуы мүмкін. Сақтықта қорлық жоқ екен ғой. Хәлім күрт нашарлап, сасқалақтап қалдық. 10-ақ минутта келіп, шын жедел жәрдем көрсетіп, мед.орталықтарына апарып, бүкіл анализді тапсыртып, ем-домымды алып, үйге сап-сау риза қайттым. Көз тигеннен шығар. Даусым жуандап, тамағым бітіп қалды», – деді әнші.

Әнші дер кезінде көмекке келген жекеменшік жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс айтты.

«Былтыр бүйректен ұстап, 103 жедел жәрдем шақырып, бір жарым сағат күтіп едім. Келіп көмектесудің орнына, отырып асықпай қағаз толтырды. Одан қалса ауруханаға жатқызбасақ болмайды деп, қаланың арғы басындағы ауруханаға апарды. Менің мекен-жайыма қатысы жоқ, дарылдап зорға жүретін көліктерімен апарды. Ол жаққа жетіп алып, 30 минут қағаз толтырды. Ауруханаларының жағдайы нашар. Өзім басқа жерге емделемін деп қолхат жазып, шығып кеттім. Қатты жаныма батқаны сонша, есімде қатты сақталыпты. Сол кезде жекеменшік жедел жәрдем шақыруға болатынын білдім. Бүгін ойламаған жерден шақыруға мәжбүр болдық», – деп жазды өнер иесі.

Серіктес жаңалықтары