550
Илон Масктің спутниктері Жердің негізгі қабатын "жойып жатыр" – ғалымдар дабыл қақты
Орбитада қазірдің өзінде 6 500-ден астам Starlink спутнигі жүр, алда тағы 42 мыңын ұшыру жоспарланып отыр.
Илон Масктің спутниктері Жердің озон қабатын "жойып жатыр", осылай деп дабыл қаққан ғалымдар ерекше алаңдаулы деп жазды businessinsider.com.
Орбитада қазірдің өзінде 6 500-ден астам Starlink спутнигі жүр, алда тағы 42 мыңын ұшыру жоспарланып отыр. Бұл спутниктер 5 жыл қызмет етеді, содан кейін атмосферада жанып, зиянды алюминий оксидін бөледі.
Яғни жыл сайын Жерге 350,000 тонна алюминий оксиді бөлінеді. Бұл Жердің озон қабатына қатты зиян келтіреді, - дейді ғалымдар.