Шымкентте 2 тонна есірткі әзірлейтін зат сақтаған 3 адам ұсталды (ВИДЕО)

Жыл басынан бері Шымкентте 35 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

447

Шымкентте есірткі әзірлейтін зертхана ұйымдастырған 3 адам құрықталды,  деп хабарлайды turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Олар Қаратау ауданына қарасты үйлердің бірін еліктіргіш зат шығаратын орынға айналдырған. Тексеру кезінде тұрғын жайдан 2 тонна прекурсор мен 11 келі мефедрон табылған. Қазір осы іске қатысты тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр.

«Арнайы тексеру барысында есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен қаланың 3 тұрғыны құрықталған болатын. Тінту барысында үйлерінен 2 тонна прекурсор тәркіленді. Қазіргі таңда Шымкент қалалық ПД-мен іс қозғалып, 3 адам қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр», – дейді Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 35 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Аталған жайт бойынша 201 қылмыс ашылған.

Серіктес жаңалықтары