«Болашақ»: Бұрынғы стипендиат Валерия Гавриленко қарызды өтеп жатыр

Валерия Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрады

«Болашақ»: Бұрынғы стипендиат Валерия Гавриленко қарызды өтеп жатыр
ашық дереккөз
442

Басы дауға қалған «Болашақ» бағдарламасының түлегі Валерия Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрап, оқу ақысы бойынша қарызын өз еркімен төлеуге міндеттенді, деп хабарлайды turkystan.kz «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұрынғы стипендиат В.Гавриленко және кепілгерлер М.Дәрібаева мен Н.Воробьевамен резонанстық жағдай заң аясында шешілді. Медиация қорытындысы бойынша В.Гавриленко оқу берешегінің толық сомасын өз еркімен өтеуге міндеттенді.

Шартты қамтамасыз ету үшін берілген кепіл мүлкі шығындардың қажетті сомасын жабады, сондықтан кепілгерлер мен Орталық арасында келісімшарт бұзылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Орталық анықталған бұзушылықтардың материалдарын құқық қорғау органдарына жолдаған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Орталықтың бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Валерия Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрады және Орталық белгілеген тәртіпте қарызды өтеп жатыр», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары