Астаналық тұрғын «Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін» деп 100 млн теңге сұраған

Антикор Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Астаналық тұрғын «Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін» деп 100 млн теңге сұраған
Жоғарғы сот
459

Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті.Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары