«Балаларды жағымпаздыққа үйретпейік»: Белгілі блогер мектеп оқушыларына қатысты үндеу жасады

Блогер, саяхатшы Динара Болат балаларды өркениетті елдерде ұят саналатын істерден алшақ ұстауға шақырды.

«Балаларды жағымпаздыққа үйретпейік»: Белгілі блогер мектеп оқушыларына қатысты үндеу жасады
Сурет: www.istockphoto.com
695

Динара Болат ата-аналарға мұғалімдермен қарым-қатынас орнатуда ескеру керек жайттар туралы айтты, деп жазды turkystan.kz.

«Балалардың қай мұғалімімен де тек сәлемім түзу. Ешқашан жеке хабарласып, балама жылы шырай танытуын немесе баға қойып беруін сұраған емеспін. Керек десеңіз мектебіміздің завучы көршіміз. Ол кісімен де көріскенде тек түп түзу аман-саулық сұрасып өте шығамыз. Балаларымның бойында да мұғалімге жағыну, белсенді болу арқылы көзге түсу жоқ. Ондайды еш құптамаймын. Бұл өркениетті елдерде ұят саналады. Балаларды жағымпаздыққа үйретпейік, достар!», — деп жазды блогер әлеуметтік желіде.

Серіктес жаңалықтары