Астанада көпқабатты үйден шыққан өрт үш сағатта сөндірілді
Оның айтуынша, тілсіз жаумен күреске 90-нан астам өрт сөндіруші және 20 техника жұмылдырылған
Тілсіз жаумен күреске төтенше жағдайлар мамандарынан бөлек, полиция мен жедел жәрдем қызметі тартылған. Толығырақ Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиева айтып берді, деп жазады turkystan.kz.
«180 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 18:06-да ауыздықталып, сөндірілді. ТМЖ мамандарының көмегімен 10 адам сыртқа шығарылды, оның ішінде 6 ересек және 4 бала бар. Кейбір тұрғындар өрт аумағынан өздері шығып үлгерді. Қазіргі жағдай бойынша зардап шеккендер жоқ. Сонымен қатар оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлері мен психологтар көмекке дайын тұр», — деді Динара Нұрғалиева оқиға орнында Kazinform агенттігі тілшісінің сауалына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, тілсіз жаумен күреске 90-нан астам өрт сөндіруші және 20 техника жұмылдырылған.
Сондай-ақ ТЖМ өкілі қазір өрттің шығу себебі анықталып жатқанын мәлім етті.