727
Бурабайда демалуға барған 14 бала астан уланып ауруханаға түсті
Құзырлы органдар қонақ үйдің дәмханасын тексеріп жатыр
Ақмола облысында 14 бала астан уланып, ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Щучинск қаласында болған. Зардап шеккендер «Тұрар Халал» демалыс орнында таңғы ас ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген.
Балалар қажетті ем алған соң үйлеріне жіберілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен балалар бұл демалыс орнына осыдан 2 күн бұрын туыстарымен бірге қыдырып келген. Құзырлы органдар қонақ үйдің дәмханасын тексеріп жатыр.