БҚО-да жол апатынан төрт адам көз жұмды

Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды

БҚО-да жол апатынан төрт адам көз жұмды
БҚО полиция департаменті
458

Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан төрт адам мерт болды, деп жазады turkystan.kz БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оқиға 22 маусым күні таңмен Самара-Шымкент жолында Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болған. 

43 жастағы жүргізуші „Лада Приора“ автокөлігімен қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан 44 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан „Мазда“ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр дене жарақатын алды. Аталмыш дерек ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. 

Серіктес жаңалықтары