Астанада өртенген тұрғын үй кешенінің тұрғыны пәтерін көрсетті

Ол оқиға орнына барғаннан кейін басқа көршілері жанып жатқан ғимараттан қатты түтінде баспалдақпен жаяу эвакуацияланғанын білген

Астанада өртенген тұрғын үй кешенінің тұрғыны пәтерін көрсетті
Видеодан алынған кадр
1851

Астанадағы "Хан шатыр" ауданындағы кеше өртенген тұрғын үй кешенінің тұрғыны пәтерінің ішін көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ғимараттың сыртқы қаптамасы қатты бүлінген. Ал ішіндегі жағдай туралы жергілікті тұрғын айтты. Карина Жұмағалиеваның пәтері тұрғын үй кешенінің қатты түтіндеген тұсында. Ол күйеуі, балаларымен бірге 22-қабатта тұрады. Бұл отбасы биыл қаңтарда осы пәтерге Атыраудан көшіп келген.

Бізге күндіз хабарласты. Біз үйде емес едік. Бірден шығып кеттік. Келе жатып, түтінді көрдік, - деді Карина.

Ол оқиға орнына барғаннан кейін басқа көршілері жанып жатқан ғимараттан қатты түтінде баспалдақпен жаяу эвакуацияланғанын білген. Олардың көпшілігі 24-25-қабаттарда тұрады.

Көршілеріміз баспалдақпен өздері қашқанын айтты.

Іші сұмдық. Біздің жағымыздағы бүкіл қасбеті өртеніп кеткен, бөлмелерде әйнектер сынған, қара түтін тұр, - деді қала тұрғыны.

Өрт сөндірілгеннен кейін заттары мен құжаттарын алуы үшін тұрғындар ішке кіргізілген. Каринаның айтуынша, ТЖД қызметкерлері кіргендердің тізімін жинаған, барлығы полицейлермен барған.

Біз әзірге 1-2 күнге заттарымызды алдық. Қайда баратынымызды білмейміз. Бақытымызға орай, көлік бар. Автотұрақтағы көршілердің көліктері кептелісте тұрып қалды, оларды лифт арқылы өткізбейді, - деді Карина.

Серіктес жаңалықтары