300 млн теңгеге түсірілген фильмнен 7 мың теңге ғана табыс түскен

Оның айтуынша, қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар

300 млн теңгеге түсірілген фильмнен 7 мың теңге ғана табыс түскен
istockphoto.com
1071

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков отандық кинематография саласындағы проблемаларды атады, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар.

2016-2022 жылдары кезеңінде "Қазақфильмге" кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен, оның 4,8 пайызы ғана ақталды. Мысалы, "Әруақ" фильміне 300 млн теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. "Композитор" фильміне 1,2 млрд теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды, - деді сенатор.

Бекболат Орынбеков атап өткендей, ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 млрд теңге, ал прокат соммасы 1,1 млрд теңге.

Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттің аудиторлардың есептері ескерілмеді деген күмән бар, - деді ол бірлескен отырыста.

Серіктес жаңалықтары