429
«Лагерьде балаларды зорлады»: Абай облысында тараған ақпарат жалған болып шықты
Полиция ақпаратты тексеріп, оның жалған екенін анықтады.
Абай облысы тұрғындарының арасында лагерьде балаларды зорлап, жасырынды деген екі ер адамның фотосы тарады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Azattyq Ryhy-на сілтеме жасап.
«Олар лагерьде балаларды зорлады. Енді Семей жаққа қарай жол тартты, жасырынып отыр. Егер олар пәтер жалдаса, 102-ге жедел хабарлаңыз», - деп жазылған тұрғындар арасында тараған хабарламада.
Алайда, полиция ақпаратты тексеріп, оның жалған екенін анықтады.
«Аталған адамдардың құқық бұзушылық жасауға қатысы бар екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жауап берді ПД.