X Æ A-12-тің бауыры: Илон Масктің он екінші баласы дүниеге келді

Маск туудың төмендеуі өркениетке төнетін негізгі қауіптердің бірі деп санайды.

X Æ A-12-тің бауыры: Илон Масктің он екінші баласы дүниеге келді
сурет: Apu Gomes/Getty Images
368

Илон Масктің он екінші баласы дүниеге келді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады.

Ақпаратқа сүйенсек, баланың анасы - Neuralink-тің топ-менеджері Сиобхан Зилис, осылайша ол Маскке үшінші перзент сыйлап отыр.

Маск туудың төмендеуі өркениетке төнетін негізгі қауіптердің бірі деп санайды. 

Еске сала кетейік, 2018 жылы Маск канадалық әнші Граймспен қарым-қатынас бастаған. 2020 жылы оларда ұл бала дүниеге келді, оған X Æ A-12 деген есім берілді. Калифорния соты ерлі-зайыптыларды баланың атын өзгертуге міндеттеді, себебі заң бойынша атта тек латын әліпбиінің 26 әрпі ғана пайдалануға болады және сандар, рим цифрлары, екпіндер мен басқа да таңбалар болмауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары