384
Ауыл шаруашылығы министрі бұрмаланған деректерді жариялады
Осыған байланысты статистикалық деректерді қалыпқа келтіретін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров саладағы негізгі проблеманың бірі - статистикалық деректерді бұрмалау мәселесіне тоқталды.
«Біріншіден, шикізаттың қымбатшылығы мен жеткіліксіздігі. Статистика бойынша, шикізат мал шаруашылығында жеткілікті, бұл деректер шындыққа жанаспайды. Мысалы, жылда, ресми статистика бойынша, 6,5 млн т шикі сүт өндіріледі, алайда 180 кәсіпорында 2,1 млн т ғана өндіріледі. Сонда осыншама сүт бола тұра қалай шикізат жетіспейді? Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы көпжылдық статистиканы бұрмалау тәжірибесімен түсіндіріледі», - деді министр.
Осыған байланысты статистикалық деректерді қалыпқа келтіретін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс нәтижесінде 2 млн бас мал, 3 млн т сүт есептен шығарылады.