Зейнеткердің үйін жинауға келген Ақмола тұрғыны оның атына 2 млн теңге рәсімдеп алған

Несиеге алынған қаражатын ұлының есеп шотына аударып үлгерген.

Зейнеткердің үйін жинауға келген Ақмола тұрғыны оның атына 2 млн теңге рәсімдеп алған
pixabay.com
460

Ақмола облысы Жақсы ауданының тұрғыны зейнеткердің пәтерін тазалауға келіп, ізінше оның атына несие рәсімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

17 маусымда Жақсы ауданының полиция бөліміне ауданның 64 жастағы тұрғыны жүгініп, белгісіз адам оның атына банктік несие рәсімдегенін хабарлаған. Залал сомасы – 2 млн теңге.

Тергеу жедел іс-шараларды өткізу нәтижесінде күдікті анықталды. Ол бұрын ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған жәбірленушінің 37 жастағы ауылдасы болып шықты. Банктік несие рәсімделген күні әйел жәбірленушінің өтініші бойынша пәтерінде тамақ әзірлеумен және тазалық жұмыстарымен айналысқаны белгілі болды. Әңгімеде ол жәбірленушінің банк қосымшасына кіру паролі болуға тиіс туған күнін сұрап, оны алдап, ер адам болмаған кезде атына несие рәсімдеген. Несиеге алынған қаражатын ұлының есеп шотына аударып үлгерген. Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 

Серіктес жаңалықтары