Қарағандыда үйлену тойының алдында қалыңдық мінген көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)

20 жастағы қалыңдық медициналық мекемеге жеткізілді

Қарағандыда үйлену тойының алдында қалыңдық мінген көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)
Фото: ekaraganda.kz
1836

Қарағандыда қалыңдық мінген көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

22 маусымда Бұқар жырау көшесінде орналасқан базар маңында Toyota мен BMW көліктерін тізгіндегендер соқтығысқан. Сонымен қатар сол орында тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне де зақым келген. Апат салдарынан үш адам ауыр жарақат алды. Куәгерлер жол апаты той серуеніне шыққандар, соның ішінде ол көлікті басқарған жүргізуші кінәлі дейді. Ол көліктің ішінде қалыңдық та отырған.

«Апат салдарынан Toyota және BMW көліктерінің жүргізушісі, әрі BMW-де отырған 20 жастағы қалыңдық медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция істі тіркелді. Сараптама жұмыстары жүргізілген соң, іс жүргізу шешімі белгілі болады», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Серіктес жаңалықтары