Қырғыздар қазақ балуанына ат мінгізді (ВИДЕО)

Жарыстың ашылу салтанатында қырғыздар қонақжайлық көрсетіп, Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді.

Қырғыздар қазақ балуанына ат мінгізді (ВИДЕО)
скриншот
433

Грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, қазақ балуаны Нұрбақыт Теңізбаевқа қырғыздар ат мінгізді.

Бішкекте Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Қанатбек Бегалиев (Қырғызстан) пен Нұрбақыт Теңізбаевтың (Қазақстан) құрметіне грек-рим және еркін күрестен «Достық» турнирі өтті. Жарыстың ашылу салтанатында қырғыздар қонақжайлық көрсетіп, Нұрбақыт Теңізбаевқа ат мінгізді.

«Жарысты ұйымдастырған Қырғыз еліне үлкен алғыс айтамын! Бұндай жарыстар, кішкентай балуандарымыздың шындалуына және әлемдік ареналарда ел намысын қорғауға үлкен мүмкіндік береді. Бүгін ыстық ықыласпен қарсы алып жатқан, қырғыз еліне, досым Қанатбекке, жарысты ұйымдастырушы бауырым Анарбекке және бізді қолдап барған әрбір азаматқа мың алғыс! Алдағы уақытта біздің елде де осындай «Достық» турнирі жалғасын табады деп ойлаймын!», - деп жазды Нұрбақыт Теңізбаев Instaram желісіндегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары