414
Батыс Қазақстанда полиция қызметкері жол апатына ұшырады
Полиция қызметкері жол бойына шығып кеткен жылқыны қағып, өзге көлікке соғылған.
Оқиға 23 маусым түнгі уақытта Сырым ауданының Тоғанас ауылынан алты шақырым жерде болған, деп хабарлады turkystan.kz.
"31 жастағы полиция қызметкері жұмыс уақытынан тыс кезде көлігімен жылқыға соғылған. Содан кейін оның көлігі Volkswagen-мен соқтығысқан. Екінші көліктің 52 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты", - дейді БҚО полиция департаменті.