Елордада ер адамның қызға тиіскен сәті видеоға түсіп қалды

Қыз-келіншектерге тиіскен ер адамдар ұсталды.

Елордада ер адамның қызға тиіскен сәті видеоға түсіп қалды
видеодан алынған скрин
517

Астана полициясы ер адамдардың қоғамдық орындарда қыздарға тиіскені түсірілген видеоларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеолардың бірінде жас жігіт автобустан түскен бір қыздың артынан еріп, үйіне дейін қызды аңдыған. Жігіт қызды орындықта күтіп отырып, сосын жақындап, қыздың денесіне қол жүгірте бастайды. 

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның жеке басы анықталды.

"Бұл іс бойынша құқық бұзушы анықталып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", – делінген хабарламада. 

Желіде тараған тағы бір видеода ер адам Астананың Мұхамедханов көшесінде таңертең ерте спортпен айналысып жүрген бойжеткенге тиіскен. Жәбірленушінің айтуынша, ол таңертең жүгіруге шыққан, жүрігіп жүріп артынан ер адамның дауысын естіген. Бейтаныс жігіт қызға такси қызметін ұсыныпты. Бойжеткен ұсыныстан бас тартқан соң ер адам қызға тиісе бастаған.

Фото видеодан алынған

Полиция ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.

"Осы фактіге байланысты ер адам анықталып, соттың шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке қамауға алынды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары