Еркін ауылының оқушылары сабаққа бара алмай отыр

Еркін ауылының оқушылары сабаққа бара алмай отыр

Еркін ауылының оқушылары сабаққа бара алмай отыр
ашық дереккөзі
962
Алматы облысындағы Сарқан ауданына қарасты Еркін ауылының тұрғындары балаларының біліміне алаңдаулы. Себебі көлік мәселесі шешімін таппағандықтан көрші ауылдағы мектепке қатынап оқитын жоғарғы сынып оқушылары сабақтан жиі қалады деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Балаларының жағдайына алаңдаған ауыл тұрғындары ортадан  қаражат жинап, көлік сатып алған. Алайда, оның өзі қайта-қайта сынып, жолдан қалдырды дейді көпшілік. Бүгінде Еркін ауылынан 20-ға жуық оқушысы Қарабөгет ауылына барып білім алуға мәжбүр. Себебі, аталған елді мекенде тек бастауыш сыныбы ғана бар. «Балаларымыз жиі сабақтан қалады. Білімдеріне қатты алаңдаймыз. Мектепке тасуға негізі екі көлік берді. Бірақ екеуі де ескі. Жүргенінен тұрғаны көп. Қазір бұзылып жүргізушінің ауласында тұр. Ауыл болып ақша жинап, көлік сатып алдық. Оның өзі де ескі», - дейді ауыл тұрғыны Құдайберген Жұмағалиев. «Бәріміз жабылып қыста суықта итереміз. Іші өте суық. Және есігі дұрыс жабылмайды. Ашылып қала береді», - дейді 10 сынып оқушысы Балнұр Қасымханова. Ал Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Марат Разбеков Еркін ауылы тұрғындарының жағдайынан хабарсыз болып шықты. Көпшіліктің өз еріктерімен көлік сатып алғандығы шенеунікті таңғалдырды. Енді әкім орынбасары аталған мәселенің мән-жайын анықтап, тексереміз деп отыр. Қажет болған жағдайда мәселені шешіп береміз деп уәде берді.  

Серіктес жаңалықтары