«Қызын өлтірген»: Алматыдағы саябақта қайтыс болған әйелге қатысты тың ақпарат шықты

Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды.

«Қызын өлтірген»: Алматыдағы саябақта қайтыс болған әйелге қатысты тың ақпарат шықты
istockphoto.com
6348

Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты жағдайдың мән-жайы белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды.

Алматы облысының полициясы ақпаратты растады.

«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – деп атап өтті ведомстводан.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда әйелдің айналмалы шеңберден құлап, қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары