«Өзін кешірмей өтті»: Ханбибі Есенқараева жеке өміріне қатысты шындықты жария етті

Ол жолдасының 50 жасында басқа әйелмен көңіл қосқанын мәлім етті.

«Өзін кешірмей өтті»: Ханбибі Есенқараева жеке өміріне қатысты шындықты жария етті
скриншот/YouTube
643

Белгілі ақын Ханбибі Есенқараева «Менің өмірім» бағдарламасында отбасылық өмірінен сыр шертті.

Ханбибі Есенқараева күйеуі, елге белгілі азамат Тұрдықылыш Ізтаевпен қандай жағдайда айырылысқанын айтып берді. Ол жолдасының таңдауына еш қарсылық білдірмей, оған бақыт тілеген.

«50 жасында бір әйелмен көңіл қосыпты. Ол кезде филармонияның директорымын. Жолдасымды сол жерге бас дирижер және көркемдік жетекші етіп қызметке алғанмын. Минисрдің бұйрығымен заң жүзінде жұмысқа алдым. Мен іссапарда жүргенде, денсаулығым сыр беріп, ауруханаға жатып қаламын. Әртістердің барлығына топырақ шашқым келмейді. Бірақ көбісі жаны жарамсыз адамдар ғой. Отырыстар ұйымдастырады. Сол жерге бір әйел келеді, танысады. Сондай сөздер маған жетті. Бір күні шақырып алып, «жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды, жөніңді айт" дедім. Ол «өзі келе береді» деп қысқа қайырды.

Біз тек ерлі-зайыпты емес, доспыз, туыспыз. Ол «мұндайды қой» деп айтады деп ойлады. Мен «қой» дегеніммен, бір құлаған көңіл қоя ма?! Оның бәрін біліп тұрмын ғой. Сосын айттым «егер бір-біріңді ұнатсаңдар, мен не дейін, бақытты бол. Екеуміз де өнер адамдарымыз, біреуіміз бақытты болуымыз керек қой. Сен-ақ бақытты бол" дедім. Ешқандай ұрыс-керіссіз, үй мен көліктің кілтін беріп кеттім.  Содан үн-түнсіз кабинеттен шығып жүре береді. Көз жасын алақанымен сүрткенін көрдім. Шығармашылықтың адамы ғой, жүрегі жұмсақ. Шалыс қадамы үшін өзін кешірмей өтті», - деді Есенқараева.

Серіктес жаңалықтары