Freedom Bank Түркістанда бөлімшесін ашты

Freedom Bank нарықта 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Қаржы ұйымының Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалы бар.

Freedom Bank Түркістанда бөлімшесін ашты
Freedom Bank
1960

25 маусым күні Түркістан қаласындағы Freedom Bank бөлімшесінде Ашық есік күні өтті. Бұл – Turkistan Plaza, Әмір Темір 5 мекенжайындағы жаңа бөлімшеде өткен алғашқы іс-шара. Осылайша, банк еліміздің өңірлерінде географиясын кеңейтіп жатыр.

Жиынға Түркістан қаласының әкімдігінің өкілдері, қала тұрғындары және Freedom Bank қызметкерлері қатысты. Іс-шара қонақтары банк өнімдері, көрсететін қызметі туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, бөлімшеде экскурсия өткізіліп, төлем карталарының артықшылықтары туралы айтылды.

Жаңа бөлімшеде үш касса қызмет көрсетеді. Электронды кезек жүйесі, банкомат және VIP клиенттерге қызмет көрсетуге арналған арнайы бөлме де бар.

Қала тұрғындары, өңір халқы Freedom Bank-тің жаңа бөлімшесінде шот пен депозит ашып, есеп айырысу-касса қызметінің барлық түрін ала алады. Жеке және заңды тұлғаларға несие беру, ақша аударымдары бойынша операциялар және валюта айырбастау операциялары сияқты банк қызметінің кең көлемі қолжетімді. Бөлімше дүйсенбі-жұма таңғы 9-дан 6-ға дейін жұмыс істейді.

Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұловтың айтуынша цифрлық өнімдердің дамуы, сонымен қатар ел бойынша офистердің ашылуы банктің клиент базасының ұлғаюына ықпал ететінін айтады.

– Өңірлерде филиалдар ашылғанға дейін де біздің цифрлық өнімдеріміздің арқасында еліміздің түкпір-түкпірінен клиенттеріміз болды. Бұл инновациялық шешімдер Freedom Bank-ке үш жыл ішінде рейтингте 16-дан 8-ші орынға көтерілуге және Қазақстанның жүйе құраушы үздік 10 Банкінің қатарына кіруге мүмкіндік берді, – деді ол.

Айдос Жұмағұловтың сөзінше, Freedom Bank – мемлекеттік мекемелермен интеграция саны бойынша республикадағы екінші банк.

– Қысқа мерзімде 21 мыңнан астам автокредит берілді, рәсімделген ипотеканың жалпы сомасы 388 миллиардтан асты. Өткен жылы Банк 53 мыңнан астам ШОБ-тың кәсіпорнын қаржыландырды. Сонымен қатар, біз үшін өз клиенттерімізге таңдау жасау маңызды және біз оларға ыңғайлы кез келген форматта: онлайн және офлайн режимде қызмет көрсетуге дайынбыз. Біз сіздің сеніміңізді бағалаймыз және Түркістан тұрғындарына Банктік сервистің жоғары деңгейін ұсынуға дайынбыз, – деді Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Freedom Bank нарықта 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Қаржы ұйымының Қазақстанның ірі қалаларында 16 филиалы бар. Кейінгі бірнеше жылда банк финтех дамуының көшінен қалмай, өз қызметін цифрландыруға баса назар аударып отыр.

Мәселен, цифрлық ипотека және цифрлық автокредитті қысқа уақытта құжат жинамай-ақ онлайн рәсімдеуге болады. Банк электрондық әмиянға цифрлық құжат қосуға мүмкіндік берді, көп валюталы депозит картасын, инвестор картасын және шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған өнімдердің кең желісін іске қосты.

2023 жылы Банктен айналым қаражатын 100 млн теңгеге дейін толықтыруға арналған «ЖК үшін цифрлық кредит» атты жаңа өнім шығарды. Осы жылы Банк жаңа Freedom валютасын ұсынды, осылайша Freedom Bank клиенттері Freedom Holding Corp холдингі акциясының иесі бола отырып, биржалық нота (ETN) түріндегі транзакциялардан кешбэк ала алады.

Сонымен қатар, банк Freedom SuperApp мобильді қосымшасы ақшаны оңай әрі қауіпсіз басқаруға мүмкіндік беретінін айтады.

Freedom Bank жаңа бөлімше тұрғындарға сапалы қызмет көрсетудегі тағы бір қадам екенін айтады. Сонымен қатар, кез келген форматта: онлайн және офлайн режимде қызмет көрсетуге дайын екенін жеткізді.

№ 1.2.108/43/250 ҚНРДА лицензиясы 01.02.2023 берілген

 

Серіктес жаңалықтары