603
Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті
Оқиға 25 маусым күні сағат 19.20-да Менлібай – Көктөбе аумағында болған. 8 жабық вагон рельстен шығып кеткен. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
«Түлкібас – Арыс» учаскесінде жүк вагондарының рельстен шығуына жеке компания вагонының доңғалақ жұбының осі сынып кетуі себеп болған, деп хабарлады turkystan.kz порталы ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолдан шыққан вагондарды қалпына келтіру үшін Шымкент станциясынан қалпына келтіру пойызы жіберілген.
Жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, салдарынан шпалдар мен қураған шөптер өртенген. Өрт сөндірушілер 150 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.