Саяси партиялардың Халықаралық конференциясына қатысты

Саяси партиялардың Халықаралық конференциясына қатысты
Автор
Админ
288

«AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев Бангкокта іскерлік кеңестің 2-отырысына және Азиялық саяси партиялардың Халықаралық конференциясы Тұрақты комитетінің 41-отырысына қатысты.
«AMANAT» партиясының Хатшысы Эльдар Жұмағазиев Бангкокта өткен Азия­лық саяси партиялардың Халықаралық кон­ференциясы Іскерлік кеңесінің 
2-оты­рысында сөз сөйледі. Іс-шарада өңір­лік ын­тымақтастық, тұрақты даму және бей­біт­­шілік мәселелерін талқылау үшін Азия­ның түрлі субаймағындағы 23-тен астам сая­си партияның өкілдері бас қосты.
Эльдар Жұмағазиев климаттың өзгеруі, гео­саяси тұрақсыздық және азық-түлік қауіп­­­сіздігі сияқты жаһандық сын-қатер­лер­ді шешудегі халықаралық ынты­мақ­тас­тық­тың маңызын атап өтті. Ол Қазақстан азық-түлік қолжетімділігін жақсартуға және оның сапасын қамтамасыз етуге ық­пал ете отырып, әлемдік қоғамдастықтың бел­сенді қатысушысы саналатынын жет­кіз­ді. Қазақстан жыл сайын 6-7 млн тонна би­­дай экспорттап, дәнді дақылдар өндірісі бо­йынша көшбасшы елдер қатарына кі­ре­ді.
– Бүгінде әлем климаттың өзгеруі және гео­саяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерге тап болған кезде, әлем хал­қының үштен біріне жуығы азық-түлік тап­шылығын сезініп отырған тұста тұр­ғын­дарды сапалы әрі қауіпсіз азық-түлік­пен қамтамасыз ету мәселесі басты міндет болып қала береді, – деді ол.
Сондай-ақ ол Қазақстан өзге елдерге гу­манитарлық көмек көрсетіп жатқанына да назар аударды. Былтыр еліміз табиғи апат­тардан зардап шеккен алты мемле­кет­ке қолдау ретінде 92 миллион АҚШ дол­ла­рын бөлді. Олардың қатарында Палес­ти­на, Ауғанстан, Түркия және Пәкістан сын­ды елдер бар.
«AMANAT» Хатшысы жаһандық азық-тү­лік пен тыңайтқыш жеткізуді саяси­лан­дырмау қажет екеніне ерекше мән берді. Эль­дар Жұмағазиев Азия мен Еуропа ара­сын­дағы жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін Транскаспий халық­ара­лық көлік бағыты сияқты жаңа дәліз­дер­ді дамытудың маңызын атап өтті. «AMANAT» партиясының Хатшысы Қазақ­стан­дағы азық-түлік қауіпсіздігін жақ-сарту жө­ніндегі бастамаларды да таныс­тырды.
– Партиямыздың «Ауыл аманаты» жо­басы жеңілдікпен несие беру арқылы ауыл хал­қының табысын арттыруға бағыт­тал­ған. Бұл дегеніміз жылдық мөлшерлемесі не­бәрі 2,5 пайызды құрайтын несиелер, со­­ны­мен қатар кооперацияның негізгі түр­лерін оқы­ту, мемлекеттік субсидиялар­ға өтініш беру, өнім өткізу нарығын табуға кө­мек­тесу, «алқаптан сөреге дейін» тізбегін ор­на­ту, – деді ол.
Азиялық саяси партиялардың Халық­ара­лық конференциясы – Азия және Океа­ния елдері саяси партияларының ха­лықаралық бірлестігі 2000 жылы М­а­ни­лада (Филиппин) құрылды. Оның негізгі мақ­саты – Азиядағы аймақтық ынтымақ­тас­тық пен тұрақты дамуға ықпал ету. Ұйым Латын Америкасы мен Африкадағы ұқсас құрылымдармен ынтымақтасатын бас­қарушы, парламенттік және оп­по­зи­ция­лық партияларды қамтиды. Жоғары ор­ган – АСПХК Тұрақты комитеті. «AMANAT» пар­тиясы 2008 жылдан бастап АСПХК ТК мү­шесі саналады, 2009 жылы Астанада 5-ші Бас Ассамблея және АСПХК Тұрақты ко­­митетінің 10-отырысы өтті.

Серіктес жаңалықтары