Бірыңғай тамақтану стандартын енгізу ұсынылды

Бірыңғай тамақтану стандартын енгізу ұсынылды
Автор
Админ
287

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты мен Парламентаризм институты мектеп пен балабақшада салауатты және теңдестірілген тамақтану стандарттарын енгізуді ұсынды.
Балаларды қорғау күні қарсаңында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты Пар­ламентаризм институтымен бірлесіп, мек­тептер мен мектепке дейінгі меке­ме­лер­де дұрыс тамақтану мәселелеріне ар­­­налған дөңгелек үстел өткізді. Жиынға қа­тысушылар ғылыми ұсыныстарға не­гіз­делген мектептегі тамақтану стан­дарт­та­рын енгізудің пайдасына тоқ­талды.

Жиын модераторы, Парламент Мә­жі­­­л­ісінің депутаты, «AMANAT» партиясы Фрак­циясының мүшесі Жұлдыз Сүлей­ме­нова оқушылардың сапалы және тең­ге­рімді тамақтануға қол жеткізу үшін ғы­лыми ұсынымдарға негізделген стан­дарт­тарды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
– Мұғалімдер мен ата-аналарды, ба­ла­­ларды дұрыс тамақтану негіздеріне оқы­ту және тамақтану әдеттерін қалып­тас­тыру жөніндегі ұлттық бағдарламаны әзір­леу – маңызды шешімдердің бірі. Бұл де­ні сау ұлтты қалыптастыруға және ке­ле­шек ұрпақтың салауатты өмір сүруіне ық­пал етеді, – деді Ж.Сүлейменова.
Парламентаризм институты ди­рек­то­рының орынбасары Ләззат Сүлеймен дөң­гелек үстелдің мақсаты мектеп оқу­шы­ларын дұрыс тамақтандырудың проб­ле­малық мәселелерін талқылау ғана емес, со­нымен қатар білім беру мекемелерінде ба­лалардың тамақтануын жақсартуға кө­мектесетін практикалық ұсыныстар әзір­леу екенін тілге тиек етті.
«AMANAT» партиясының Хатшысы – Әйелдер қанаты төрағасы Шолпан Ка­ри­нова 2023 жылғы 1 қыркүйектен бас­тап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушыға, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бас­­тауыш сынып оқушыларына тегін та­­­­­­мақтану ұйымдастырылғанын жет­кізді.
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) жә­не «Ұлттық салауатты тамақтану ор­та­­­лығының» 2023 жылғы зерт­теу­ле­рі Қазақстанда энергия мен қоректік зат­тарды тұтыну нормалары халық­ара­лық стандарттарға сәйкес келмейтінін жә­не қазақстандық тағамдардағы тұз бен қант мөлшері халықаралық нормалардан асып түсетінін көрсетті.
– Бұл артық салмақ пен семіздікке шал­­дыққан балалар санының өсуіне әке­ле­ді (18 пайыз), сондай-ақ олардың ден­сау­лығы мен болашағына теріс әсер етеді. Мек­теп оқушылары арасында жүргізілген сауал­нама нәтижесі бойынша, жарты­сы­нан көбі мектеп мәзіріне қанағаттанған, ал 21 пайызы тамақты ұнатпайды немесе мек­теп асханасында мүлдем тамақ­тан­бай­ды. Мұндай зерттеулер мектептегі та­ма­қтанудағы проблемалардың терең еке­нін түсінуге көмектеседі, – деп атап өт­ті Ш.Каринова.
Жиынға Парламент Мәжілісінің жә­не Астана қаласы мәслихатының депу­тат­тары, «AMANAT» партиясының Әйел­дер қанатының, Оқу-ағарту министр­лі­гі­нің, Қа­зақ тамақтану академиясының, Ұлт­тық салауатты тамақтану орталы­ғы­ның, Астана медицина университетінің, Қаз­АТУ өкілдері мен мектеп директор­ла­ры, ға­лымдар мен сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында айтылған ұсы­нымдар уәкілетті мемлекеттік орган­дар мен Парламентке жіберілетін болады.

Серіктес жаңалықтары