415
Алматыдағы қоғамдық көліктің апатқа ұшырауына байланысты бір адам ұсталды (ВИДЕО)
Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
Жол апатына себепкер болған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұрын хабарланғандай, бүгін Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында орын алған адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қоғамдық көлік қозғалысының жылдамдығын анықтау тұрғысында сараптама тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда», - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рустам Шәрібаев.