Бишімбаевтың қорғаушылары енді Жоғарғы сотқа шағымданатынын айтты

Назым Құсайынова Бишімбаевқа қатысты үкімді әділетсіз деп есептейтінін айтты.

Бишімбаевтың қорғаушылары енді Жоғарғы сотқа шағымданатынын айтты
Жоғарғы сот
536

Әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова үкімді қайта апелляцияға беретінін мәлімдеді.

Бишімбаевқа қатысты үкімді бірінші апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. Алайда қорғаушылар тағы да апелляциялық арыз беретіндерін жеткізді.

«Үкімге шағымдануды жалғастыра береміз. Жоғарғы сотқа жүгінеміз. Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі комитет халықаралық ұйымына да шағым түсіреміз», – деді Құсайынова

Назым Құсайынова Бишімбаевқа қатысты үкімді әділетсіз деп есептейтінін айтты.

Еске салсақ, осыған дейін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы өткен болатын. Сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Серіктес жаңалықтары