Қонаев қаласында атыс болып, 1 адам көз жұмды

Оқиға салдарынан зардап шеккен 2000 және 2003 жылғы жігіттер ауруханаға жатқызылып, 2003 жылғы азамат реанимация бөлімінде жан тапсырған.

Қонаев қаласында атыс болып, 1 адам көз жұмды
istockphoto.com
352

Алматы облысы Қонаев қаласында түнгі уақытта қарулы қақтығыс болған. Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желіде тарады. 

Желідегі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккен 2000 және 2003 жылғы жігіттер ауруханаға жатқызылып, 2003 жылғы азамат реанимация бөлімінде жан тапсырған.

Алматы облысының Полиция департаменті аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Аталған факті бойынша тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында», - деп хабарлады облыстық ПД.

Серіктес жаңалықтары