Қазақ күресінен ел біріншілігі Алматыда өтеді

Қазақ күресінен ел біріншілігі Алматыда өтеді

Қазақ күресінен ел біріншілігі Алматыда өтеді
ашық дереккөзі
415
Наурыз айының 18-19-ы күндері Алматы қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Ел біріншілігіне республикамыздың 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 200-ден аса балуан қатысады деп жоспарланып отыр. Қатысушылар қатарында елімізге белгілі балуандар да аз емес. Соның ішінде үш дүркін «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев, әлем чемпиондары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Айбол Айтбек және Ғани Сейділдаев, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл, сонымен қатар Руслан Әбдіразақов, Мұрат Кентонов және тағы басқа білекті балуандар бар. Қазақстан чемпионаты ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Қазақстан чемпионатының бағдарламасы төмендегідей: 18 наурыз 10:00    82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 12:00    Жарыстың салатанатты ашылу рәсімі 16:00    82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша ФИНАЛ 19 наурыз 10:00   55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг және түйе балуан дәрежесінде финал.

Серіктес жаңалықтары