600
«Полиция іздеп жатыр»: ІІМ бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке қатысты пікір білдірді
Полиция Жәнібектің(Джани) ата-анасын іздеп жатыр.
Бельгиядан іздеп жүрген 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың оқиғасына қатысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пікір білдірді,
«Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеуде. Қазір сіздерге Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын», - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.