ШЫҰ саммиті: Астананың жекелеген көшелері уақытша жабылады

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады.

ШЫҰ саммиті: Астананың жекелеген көшелері уақытша жабылады
Фото: istockphoto.com
540

ШЫҰ саммитіне дайындық кезеңінде, яғни  28 маусымнан бастап Астана қаласының жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлады turkystan.kz.

Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

Биылғы 2-4 шілдеде «Есіл», «Нұра» және «Алматы» аудандарында осындай шектеулер енгізілетін болады.

«Осыған байланысты, Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары