Қызылордада 3 жасар бала басы балконның теміріне қысылып қалған
3 жасар қызды аман-есен құтқарды.
Төтенше жағдай қызметкерлері қыздың басын темірден шығаруға тырысып жатқаны бейнеленген видео журналист Гүлмира Әбіқайдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Оның айтуынша, қыздың басын шығаруға алдымен ата-анасы тырысқан, алайда әрекет нәтижесіз аяқталды.
"Басын балконнан шығара алмай қиналды. Қызылордадағы көпқабатты үйдің балконына шығып, темірден басын шығарып ауланы көрмек болған 3 жасар қыздың басы қысылып қалды. Өздігінен шығармақ болды, ата-анасы суырып алмақ болды, нәтижесіз. Ақыры төтенше жағдайға хабарласып, құтқарушылар темірді кесіп, 3 жасар қызды аман-есен құтқарды. Бұл жағдай 2 ай бұрынғы оқиғаны еске салды. Сәуір айында танысына келген мейман темір дулығаны киіп көрмекші болып, басынан шықпай қалып еді ғой? Ұмытпаған шығарсыздар?Ол кезде де оқиға Қызылордада болған", – деп жазған ол.