Шымкентте көлден 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Қайнарбұлақ жасанды көлінен 2001 жылы туған ер азаматтың денесін шығарды.

Шымкентте көлден 23 жастағы жігіттің мәйіті табылды
instagram/ shymkent_tjd
492

Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, оқиға Абай ауданында болған.

«Қайнарбұлақ тұрғын алабында шомылуға тыйым салынған жасанды көлге бату дерегі туралы хабарлама «112» құтқару қызметіне 27 маусымда сағат 13.50-де түскен», - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, Қайнарбұлақ жасанды көлінен 2001 жылы туған ер азаматтың денесін шығарды. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы және Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 3 техника шықты. Осы ретте Шымкент қалалық ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрап, ескерту жариялады.

Оған сәйкес:

  • шомылуға тыйым салынған жерлерде
  • шомылуға болмайды;
  • тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • қалқымалардан аса жүзуге болмайды;
  • мас күйде суға түспеңіз;
  • су көліктеріне жақын жүзбеңіз.

Серіктес жаңалықтары