449
Министрліктің мәлімдемесі: 3-4 шілде күні Астанада әуе кеңістігін күзету күшейтіледі
Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінді.
3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астана қаласында елорданың әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады.
Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі.
Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.