446
ЕО соты жұмыста хиджаб киюге қатысты тыйымды заңды деп тапты
ЕО соты жұмыста хиджаб киюге қатысты тыйымды заңды деп тапты
Еуропалық сот мұсылмандардың жұмыста хиджаб тағуына салынған тыйымды заңды деп таныды. Бұл Би-Би-Сиға сілтеме жасап centralasian.org хабарлады.
Франция мен Бельгияның хиджаб үшін жұмыстан қуылғанын екі тұрғыны сотқа шағымданған еді. Сот хиджаб тағуға тыйым салған жұмыс берушінің әрекеті заңды деген қорытынды шығарды. Бұған қоса, сот мұндай тыйымның өзі "тікелей кемсітушілік" емес деп анықтады.
2004 жылы Франция үкіметі, одан соң Бельгия жұмыс орнында діни белгілерді насихаттауға тыйым салды. Кейін мұндай тыйым оқушылар мен оларды мектепке әкелетін ата-аналарға салынды.
Білім беру мекемелерінде хиджаб кию мәселесі көптеген елдерде пікір-талас өзегіне айналған еді.