Ақтөбеде «Жасыл ел» жасақшылары тасқыннан зардап шеккендерге қолғабыс етіп жүр

Ақтөбеде «Жасыл ел» жасақшылары тасқыннан зардап шеккендерге қолғабыс етіп жүр
624

Ақтөбе облысы бойынша биыл жаз айларында 1856 адамды «Жасыл ел» жасағына жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бүгінде ақтөбелік жастар еңбек маусымына белсенді кірісіп кетті. «Жасыл ел» жасақшыларының арасында тасқыннан зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысы аумағында ерікті түрде еңбек етіп жүрген жастар да бар.  

Жалғасын тапқан акция

Қазір облыс аумағын санитарлық та­зар­ту, абаттандыру және көгалдандыру бойын­ша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл – оң нә­тиже көрсеткен «Таза Қазақстан» эко­ло­гия­лық акциясының жалғасы. 
Облыстық табиғи ресурстар және та­биғатты пайдалануды реттеу бас­­­­­қармасы басшысының міндетін ат­қару­шы Жомарт Бақыткелдінің мәлімдеуінше, үш ай бұрын бастау алған акция аясында ша­мамен 214 мың тұрғын қамтылған. Қо­ғам­дық демалыс орындары мен үй маңын­дағы аумақтарды жинауға депутаттар, ұйым­дар мен кәсіпорындардың қызмет­кер­лері, жастар қатысты. Полигон аум­а­ғы­на 31 мың тонна қоқыс шығарылды.   
Бүгінде «Жасыл ел» жастар еңбек жа­сақ­тары да акция аясында аумақтарды та­залауға өз үлестерін қосып жүр. Об­лыс­тық жастар саясаты мәселелері жөніндегі бас­қарма басшысы Мирхан Ермаған­бе­тов­тің айтуынша, бұл маусымда «Жасыл ел» от­­­­рядтарына 1 856 адамды тарту жос­пар­лан­ған. Жобаға 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жас­тар, жоғары сынып оқушылары мен сту­денттер қатысады. 1 200 жас орман ша­руа­шылығында көгалдандырумен айна­лыс­са, 656 жауынгер абаттандыру мен құрылыс алаң­дарында жұмыс істейді. Жастар сая­бақ­тар, гүлзарлар, орман екпелері, жағалау ау­мақтары, бұлақтарды тазалайды, жал­ғызбасты зейнеткерлердің аулаларын рет­ке келтіреді, ағаш отырғызады. Қазір олар жас­тар ресурстық орталықтарымен бірле­сіп 28 экологиялық акция өткізген. 

Тазалықты сақтау – ортақ мәселе

Жақында «Таза Қазақстан» эколо­гия­­лық акциясының нәтижелері мен еңбек жасақтарының қызметіне қа­тыс­ты облыс әкімі Асхат Шахаровтың қа­ты­суымен жиын өткен болатын. Аймақ бас­шысы құзырлы органдарға аймақты абат­тандыру және көгалдандыру жұмыс­та­рын одан әрі күшейтуді тапсырып: «Эко­ло­гия­лық акция аясында ғана емес, тазалық пен тәртіпті үнемі сақтау қажет. Сондықтан та­­залау, абаттандыру және көгалдандыру жұ­мыстары жалғасады. Дегенмен таза­лық­ты сақтау – ортақ мәселе. Әр тұрғын бұған өз үлесін қосуы керек. Ең алдымен, аза­мат­тар тазалық мәдениетін үйреніп, тәртіпті сақ­тай білуі және өз аумақтарында қоқыс тас­тамауы керек. Осыған байланысты ха­лық арасында түсіндіру жұмыстарын жүр­гізу қажет», – деген болатын. 
Асхат Шахаровтың айтуынша, былтыр «Жа­сыл ел» еңбек жасағына 2 мыңнан ас­там адам жұмысқа орналастырылды. «Биыл біз еңбек жасағына 1 856 адамды қабыл­дау­ды жоспарлап отырмыз. Бұрын отряд­тар­ға қа­был­дау жыл бойы жүретін. Мұны тәжі­ри­беге қайта енгізу керек. Бұл үшін қажетті қа­ражатты қарастыруды тапсыра­мын», –  деді өңір басшысы құзырлы орган өкіл­дері алдына бірқатар міндеттерді белгіледі.

Ерте көктемдегі еңбек

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары об­лыстық штабы төрағасының орынбасары Артур Әзиевтің айтуынша, бүгінде «Жасыл ел» жасақшыларының арасында тасқыннан зардап шеккен отбасылар үшін салынып жат­қан тұрғын үй құрылысы аумағында ең­бек етіп жүрген жастар да бар. Әсіресе, мұн­дай жастар жергілікті сипаттағы төтен­ше жағдай жарияланған Қобда, Ойыл ау­дан­дарындағы құрылыс аумақтарында жұ­мыс жасайды.  
– Биылғы жылы жасақшыларға төле­не­тін жалақы мөлшері 130 000-160 000 тең­ге аралығын қамтиды. Ағымдағы жыл­дың наурыз айынан бастап штаб мүшелері  қа­ламыздағы жоғары және арнайы оқу орын­дарындағы білім алушылар, мектеп­тер­дің жоғары сынып оқушылары ара­сын­да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген бо­­­латын. Біз жастарға жаңа еңбек мау­сы­мы­ның басталғанын хабарлап, жұмыс ба­ры­сын, керекті құжаттар тізімі, жұмыс кес­тесі туралы толық ақпарат бердік. Со­ны­­мен қатар аудандық жастар ресурстық ор­талықтары басшыларымен Zoom плат­формасы арқылы кездесу өткізіліп, алдағы жос­парланған жұмыстар жайы да талқы­лан­ды. Биылғы еңбек маусымы сәуір айын­да өз бастауын алып, қаламыздың санитар­лық тазалығы және құрылыс бағыты бойын­­ша 38 жас жұмыс жасады. Ал ма­мыр­да 285 жас жұмысқа тартылды. Оның ішінде қала бойынша абаттандыру бағы­тын­да – 138 адам, құрылыс бағытында – 30 жас, орман шаруашылығында 100 адам ең­бек етті. Сондай-ақ облыстың Шалқар, Қоб­да аудандарындағы орман шаруа­шы­лығында көгалдандыру бағыты бойынша 17 жас жұмысқа тартылды, – деді Артур Әзиев. 

Жасақшылар отырғызған 700 көшет 

Артур Әзиевтің айтуынша, ХХ еңбек мау­сымының үшінші кезеңінде, яғни мау­сым айында Ақтөбе қаласының санитарлық та­залығы, абаттандыру және құрылыс ба­ғыты бойынша ірі мекемелер арқылы 180 жас жұмысқа тартылса, көгалдандыру ба­ғы­ты бойынша 150 жас Ақтөбе орман ша­руашылығында еңбек етіп жүр. Сондай-ақ маусым айында табиғи ресурстар және таби­ғатты пайдалануды реттеу басқармасы ар­қылы облыстың Шалқар, Қобда, Ойыл, Мұ­ғалжар, Әйтеке би, Мәртөк және Темір орман шаруашылықтарында көгалдандыру бағыттары бойынша 241 жас жұмыспен қамтылды. Ал Хромтау, Алға, Қарғалы, Бай­ға­нин, Шалқар аудандарында 39 жас құры­лыс және абаттандыру бағытында жұмыс жасап жатыр. 
– Еңбек маусымы басталғалы 933 жас уа­қытша жұмыспен қамтылды. 
«Жасыл ел» сарбаздарының көмегімен тас жолдардың жиегіндегі қураған ағаш­тар­ды кесу, талдардың түбін әктеу және тұр­мыстық күл-қоқыстарды тазарту, жол бойын­да орналасқан белгілерді сырлау, қа­ла көшелерінің жол жиегін қоқыстан та­залау, жиектастарды әктеу, ағаш отыр­ғызу сияқты  жұмыстар атқарылып жатыр. Со­нымен қатар биылғы маусымда қаламыз­ды көркейту және жастарды патриоттық се­зімге баулып, қоршаған ортаның эколо­гия­­лық жағдайына көңіл аудару үшін қала және аудандарда  «Таза қала – таза жағалау», «Туған қалаңа ағаш сыйла», «Менің атаулы аға­шым», «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Ар­да­гер­лерді ардақтайық!», Jasyl cross–2024 сияқ­ты экологиялық акциялар ұйымдас­ты­рылатын болады, – деді штаб өкілі.  
Облыстық «Жасыл ел» штабының ұйым­дастыруымен «Таза Қазақстан» рес­пуб­ликалық акциясы аясында Ақтөбе қа­ла­сы аумағында 700-ге жуық жас көшет отыр­ғызылған.  

Тәлімбақ тазартылып жатыр

Жангүл Ізғарина, 
Ойыл аудандық жас­тар ресурстық орталығының басшысы: 
 – Биыл «Жасыл ел» жобасы бойынша ау­дан­ға 100 квота бөлінді.  Қазір «Ойыл» ор­ман шаруашылығының тәлімбағында 25 ба­ла жұмыс істеп жатыр. Олар тәлімбақта арам­шөптерді жұлып, қураған ағаштар мен өсім­діктердің орнын тазалап, суару жұ­мыс­тарымен айналысады. Сонымен қатар биыл көктемде тасқынға байланысты ауданы­мыз­да жергілікті сипатта төтенше жағдайға жарияланған болатын. Бүгінде тасқыннан зардап шеккен отбасыларға аудан орталы­ғында және бірқатар елді мекенде тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүргізіліп жа­тыр. Құрылыс аумағындағы жұмыстарға «Жасыл ел» сарбаздары ерікті түрде ара­ла­сып жүр. Олар негізінен құрылыс жүріп жат­қан аймақтың айналасын жинау, құм жиыстыру сияқты санитарлық тазалық жұ­мыстарына ғана тартылады. Бұл жерде ба­лалар құрылыстың ауыр жұмыстарына ара­ласпайды. «Жасыл ел» жасақшылары ап­тасына бір рет осындай құрылыс нысан­дары жүргізіліп жатқан жерде еңбек етеді. Бұл – ерікті түрде атқарылатын жұмыстар. Осындай жұмыстарды үйлестіріп жатқан жайымыз бар. 

Көтерілген көрсеткіштер, көмектескен балалар 

Жангүл Ізғаринаның айтуынша, еңбек мау­сымына қатысатын жастардың белсен­ді­лігі жыл сайын артуда, қатары да көбейіп жатыр. 
– Соңғы екі жылда жасақшылардың қатары 100 адам болса, алдыңғы жылдары ал­пыс адамнан аспайтын. Бұл көрсеткіш 40 пайызға көбейіп отыр. Қазір жұмыс қар­қыны жоғары, жастар өз еркімен «Жа­сыл ел» жасағының қатарына қосылып, жа­саған жұмыстарының сапасы да өте жақ­сы. Еңбекке араласуға ұмтылып тұрған жастарды көргенде, қуанасың. Дегенмен ауданның статистикасын жастардың са­ны­на шақтағанда 100 адамның еңбек мау­сы­мына қатысуы – бұл үлкен көрсеткіш. Жас­тар еңбекке араласып қана қоймай, ата-аналарына қолғабыс етіп, көмектесіп жүр, – деді ол. 
Өткен жылы Ойыл ауданында «Жасыл ел» жасағы құрамында үздік еңбек еткен 5 бала Астана қаласына демалу үшін арнайы сертификатқа ие болды. Жангүл Ізғарина биыл да науқандық жұмыста жақсы еңбек етіп, көзге түсіп жүрген жастардың, бел­сен­ді балалардың бар екенін айтады. 

P.S. 

Еңбек маусымы басталғалы «Жасыл ел» жасақшылары айналаны абаттандырып, көгалдандырып қана қоймай, тасқыннан зардап шеккен бес зейнеткердің үйін тазалауға атсалысқан. Бұл – «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шара. 
Кешегі тасқын кезінде Ақтөбе аймағында біраз өзен-көл арнасынан асып, айналаны шөп-шалам, күл-қоқыс басып қалғаны рас. Жасақшылар Елек, Қарғалы өзендерімен қатар, Ақтөбе су қоймасы маңында, бау-бақша ұжымдары аумағындағы орман алқаптарында экологиялық акциялар өткізіп, нәтижесінде 60 тоннаға жуық қоқыс полигонға шығарылды. Мұндай жұмыстар жаз бойы атқарылады.  

Айару СЕРІК,
Ақтөбе облысы

 

Серіктес жаңалықтары