613
«Хат қалдырған»: Павлодарда сержант өзін атып жіберген
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр
Павлодар облысында сержант өзін атып жіберген. Полиция қызметкері хат қалдырып кеткен, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ақпарат kerek pv телеграм арнасында пайда болды. Ондағы мәлімет бойынша, 29 маусымда 2003 жылы туған кіші сержант үйіне түскі уақытта келіп, хат жазып, "Макаров" қызметтік тапаншасымен басына оқ атқан. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полицей жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Сафуан Жампейісов.