Атырауда адам өлімімен аяқталған оқиға: марқұмның туыстары мәлімдеме жасады

Олар қылмыстық істің бабы сараланып, оқиға куәгерлерін де жазаға тартуды талап етті

Атырауда адам өлімімен аяқталған оқиға: марқұмның туыстары мәлімдеме жасады
Видеодан алынған кадр
19030

Атырауда адам өлімімен аяқталған оқиғаға қатысты марқұмның туыстары мәлімдеме жасады, деп хабарлады turkystan.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Олар қылмыстық істің бабы сараланып, оқиға куәгерлерін де жазаға тартуды талап етті.

"Біздер, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы тұрғындары, осы шағымымызды бере отырып, Сіздерден төмендегі шағымымызды дұрыс қарап, осы істі ерекше бақылауға алуларыңызды сұраймыз. 2024 жылдың, 5 маусым күні Атырау қаласындағы «Дина» базарында орын алған, қоғамдық резонанс тудырған ауылдың абзал азаматы Сағынғалиев Амандық Ахметұлының қазасы дүйім жұртты дүр сілкіндірсе, марқұмның шарапатын көзі корген, болмысын беске білетін жерлестеріне екі есе ауыр соққы болып отыр.

Қу темірдің күнің білдей бір азаматтың өмірімен тендей керіп, келісімге келместен өлімші етіп сабаған күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалған істі тез арада ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 3,5,9-тармақтарымен қайта саралап, айыпталушыны қатаң жазаға тартылуын және оқиға орнында болған, жанжалды ажыратпағандарымен қоймай азаматымыздың денесін бірге сүйреп тастаған адамдардың да жазасыз қалмауын талап етеміз. Күшіне сенген күдіктінің әрекеті бейнетаспада толық жазылған. Сол жерде қасақана кісі өлтіру мақсатында ешқандай қарсылық көрсетпей тұрған адамды әбден мерттіккенше қайта- қайта ұрып, жұдырықтауы - абайсыздық емес. Сондықтан істі тез арада қасақана кісі өлтіру бабына қайта саралап, істің дұрыс тергелуін қазірден бастап бақылауға алуларыңызды талап етеміз!", - дейді олар.

Серіктес жаңалықтары