Ақтауда бірнеше полицейдің ұсталған адамды ұрып жатқан видеосы тарады

Облыстық полиция департаменті полиция қызметкерлерінің әрекеті тексеріліп жатқанын хабарлайды

Ақтауда бірнеше полицейдің ұсталған адамды ұрып жатқан видеосы тарады
instagram.com/ladakz
1207

Ақтауда полицияның бірнеше қызметкерінің ер адамды ұрып-соғып жатқан видеосы тарады, деп жазады turkystan.kz.

Желіде тараған видеодан тәртіп сақтауға жауапты қызметкерлердің ұсталған адамға құқыққа қайшы әрекет жасап, жұдырығымен ұрып, аяғымен теуіп жатқаны көрінеді.

Бейнежазба 112 Ақтау инстаграм парақшасында жарияланған. Облыстық полиция департаменті полиция қызметкерлерінің әрекеті тексеріліп жатқанын хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары