Театр және кинорежиссері Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды

Бұл туралы Серік Абас-шах желідегі парақшасында жазды

Театр және кинорежиссері Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды
stan.kz
544

Танымал театр және кинорежиссері Талғат Теменов ауруханаға түсіп қалды, деп жазады turkystan.kz.

21 аптадан соң 70 жасқа толғалы отырған Талғат Теменов досым(ыз) сырқаттанып қалыпты (аяғына ота жасатып ауруханада жатыр екен). 4 қабатта орналасқан пәленшесінші палатаға кіріп шықтым. Адамзат тарихы туралы бір ғылыми кітапты қызыға оқып жатыр екен. "Мынаны тауып алып оқышы, Секе" деді. Мен бұл кітаптың менде бар екенін айттым. Екеуміз 59 минуттай әңгімелестік (түрлі тақырыпта).

Шәй іштік (шәйді 21 желтоқсанда туған ақкөңіл медбике дайындап әкеп берді), - деп жазды Серік Абас-шах желідегі парақшасында.

Серіктес жаңалықтары