520
Қазақстан құрамасы күрестен Азия чемпионатында үздік атанды
23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық "классиктер" үздік атанды.
23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде біздің спортшылар үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді.
Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі) және Мерей Мәулітханнов (72 келі) өз салмақтарында топ жарды.
Диас Әскебай, Расул Жүніс, Әлмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау жарысты күміспен аяқтады.
Ал Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлының еншісінде қола жүлде бар.