Қырғыз елінде қаза болған балалардың денелері Өскеменге жеткізілді

ШҚО әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды.

Қырғыз елінде қаза болған балалардың денелері Өскеменге жеткізілді
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
522

Ош облысының Ноокат ауданындағы ауыл тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар ішінде Шығыс Қазақстанның 4 баласы бар. Қайғылы оқиға болған күні екі ұл мен екі қыз аналарымен туыстарына қонаққа барған.

Туристік аймаққа түскен селдер кішкентай шығыс қазақстандықтардың өмірін қиып, өңірдің барлық тұрғындары үшін қайғылы жағдайға айналды.

Бүгін қаза тапқандардың денелерін Өскеменге арнайы бортпен жеткізді. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде балалардың туыстарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылып, оған өңірдің барлық қызметтерінің мамандары жұмылдырылды. 

Өңір басшысы Ермек Көшербаев қаза тапқандардың туыстарымен кездесті. Осы қиын күндерде жергілікті атқарушы органдар мен «Халифа Алтай» мешітінің қызметкерлері жерлеу рәсімін ұйымдастып, өткізуді өз мойындарына алды. Өңірдің кәсіпорындары мен бизнес өкілдері отбасыларға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. 

Әкімдік қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қайғылы оқиғаға байланысты туыстарына көңіл айтты.

 

Серіктес жаңалықтары