Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады

Өнер иесі марқұм келіншекке қатысты қайғылы жағдайға пікір білдірді.

Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады
instagram
293

Танымал әнші Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады. Өнер иесі бейнебаянның үзіндісін Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Дильназ Ахмадиева Салтанат Нүкеноваға арнап шығарылған әнін тыңдармандарына ұсынып, марқұм келіншекке қатысты қайғылы жағдайға пікір білдірді.

«Бұл жантүршігерлік жағдай туралы бүкіл елмен бірге білдім. Мен де жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, дұға еттім. Бірақ бұл жағдайда бар қолымнан келгені - Салтанатқа арнап ән жазу. Айтбек сізге ризамын, алғысым шексәз. Отбасыңызға бұл үлкен ауыр соққы әрі сынақ болды. Сіздерген денсаулық пен күш-қуат тілеймін. Бұл ән жүрекке жетеді деген үміттемін», - деп жазды Ахмадиева.

Серіктес жаңалықтары