2212
Сұйытылған газ бағасы өсті
2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.
2024 жылғы 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының өсуіне байланысты автомобиль газының құны:
- Астана – литрі 84 теңге (бұрын 76 теңге);
- Алматы – 89 теңге (81 теңге болды);
- Шымкент – 70 теңге (64 теңге болды);
- Ақтөбе облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
- Атырау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
- Ақмола облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
- Алматы облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
- Шығыс Қазақстан облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
- Жамбыл облысы – 78 теңге (71 теңге болды);
- Батыс Қазақстан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
- Қостанай облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
- Қызылорда облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
- Қарағанды облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
- Маңғыстау облысы – 59 теңге (54 теңге болды);
- Павлодар облысы – 81 теңге (74 теңге болды);
- Солтүстік Қазақстан облысы – 89 теңге (81 теңге болды);
- Түркістан облысы – 70 теңге (64 теңге болды);
- Абай ауданы – 84 теңге (76 теңге болды);
- Жетісу облысы – 84 теңге (76 теңге болды);
- Ұлытау облысы – 84 теңге (бұрын 76 теңге).
№232 және №233 бұйрықтар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Энергетика министрлігі сұйытылған газды өндірудің рентабельсіздігіне байланысты оның бағасын көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлаған, сондай-ақ өсудің басқа да бірқатар себептерін атаған.