«Қатты өкіндім»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаев туралы айтты

«Ренжітіп алдым. Енді қайта барсам ол кісі маған бұрынғыдай жаны ашып, еңбек етпейтін шығар». - дейді Айдос Кәден

«Қатты өкіндім»: Қойшы бала Жігер Ауыпбаев туралы айтты
скриншот/YouTube
2412

Қойшы бала деген атпен танымал болған Айдос Кәден «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берді.

Ол өнердегі ұстазы Жігер Ауыпбаевқа қатысты пікір білдірді.

«Менің сөздерім әлеуметтік желіде таралып кетті. Ол жерде артық ештеңе айтқан жоқпын. Жігер ағаның жеке басына тіл тигізбедім. Жеке дара бөлек кету туралы ойымды алғаш рет әкеме айттым. Ол кезде мен «болдым, толдым» деп ойладым. Әкем Жігер ағаның алдынан өтіп, мені алып кетті. Бірақ кейін қатты өкіндім. Өнерде білмейтін дүнием көп екен. Осы эфирді пайдаланып, Жігер ағамнан және халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Жігер ағаның сенімінен шығып кеттім. Ренжітіп алдым. Енді қайта барсам ол кісі маған бұрынғыдай жаны ашып, еңбек етпейтін шығар. Менен қателік кетті», –деді қойшы бала

Серіктес жаңалықтары