873
Атырауда отыз жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп кетті
Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
Атырауда ер адам өз-өзіне қол жұмсап, жоғары қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлады «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Нұрсая шағынауданында болған. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
«2 маусымда сағат 01:00 шамасында Атыраудағы көпқабатты үйдің алтыншы қабатынан 1994 жылғы ер адам секіріп кетті. Ол оқиға орнында жан тапсырды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деп жазылған мәліметте.