Роман Скляр тағы бір құрылымды басқармақ

Орталық өз қызметін Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі негізінде жүзеге асырады", – деп жазылған құжатта.

Роман Скляр тағы бір құрылымды басқармақ
сурет: primeminister.kz
292

Елімізде Ұлттық инвестициялық қызмет орталығы құрылды, оны бірінші вице-премьер басқарады. Бұл туралы Үкімет басшысының өкімінде айтылған.

"Ұлттық инвестициялық қызмет орталығы құрылады. Орталық өз қызметін Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі негізінде жүзеге асырады", – деп жазылған құжатта.

Орталықтың міндеті:

- инвестиция тарту жөніндегі кеңес хатшылығының қызметін ұйымдастыру;
- бәсекеге қабілетті инвестиция климатын құру үшін реттеуші саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- инвестиция жобаларын іске асыруға жағдай жасау және мониторингтеу;
- мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша инвестиция жобаларын жүргізу және мониторингтеуді саларалық үйлестіру;
- инвесторларға мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Құжатта ҰИҚО қызметін бірінші вице-премьер басқаратыны айтылған, қазіргі уақытта бұл қызметті Роман Скляр атқарады.

Серіктес жаңалықтары