«Таза Қазақстан»: Ақтөбе облысында 18 тонна қоқыс шығарылды

Ақтөбе су қоймасының жағасында «Jasyl сгоѕѕ 2024» плоггинг-марафон өтті.

«Таза Қазақстан»: Ақтөбе облысында 18 тонна қоқыс шығарылды
www.gov.kz
359

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында туған жерді абаттандыруға ақтөбеліктер белсене атсалысып жатыр.

3 шілдеде Ақтөбе қаласында полиция департаменті «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзушыларға ескерту жасап, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ жауапкершілік пен әкімшілік жазалар туралы 200-ден астам парақша таратты.

«Экопатруль» іс-шарасы елімізде сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» акциясына полицияның зор үлес қосып отырғанын көрсетті. Өткен үш айдың ішінде көпшіліктің жұмыла жасаған жұмыстарының нәтижесінде аймақ маңы тазарып қалды.

Бүгін Ақтөбе су қоймасының жағасында «Jasyl сгоѕѕ 2024» плоггинг-марафон өтті. Плоггинг— жүгіруді қоқыс жинаумен біріктіретін экологиялық қозғалыс. Бұл сөз екі ұғымнан тұрады: швед тілінен аударғанда «plocka upp» және «jogging».

Жастар ырғақты музыканың әсерімен су қоймасы жағалауындағы шашылған қоқысты тез жинап тастады. Жігіттер қоқыс салуға арналған қапшықтарын тезірек толтыруға тырысты, өйткені марафонда кім жылдам, көп көбірек жинайды, сол жеңіске жетеді деген ұғым бар.

Көптің жұмылып жұмыс істеуінің нәтижесінде 18 тонна қоқыс шығарылды. Қағаздар, пластикалық, шыны бөтелкелер, пакеттер — қоқыстар жастар жинап алғанша желмен бірге ұшып, шашылып, жағалаудың сәнін кетіріп тұр еді. Әп-сәтте айнала жайнап шыға келді — жағалау тазарып, сәні кіріп қалды.

 

Серіктес жаңалықтары