457
Сұлтан Қожахметов шахматтан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Елордалық спортшы Сұлтан Қожахметов рапид бойынша күміс медаль иеленді.
Белград (Сербия) қаласында 25 маусым күні басталған есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионатына 30 елден 128 спортшы қатысып жатыр. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлім етті.
Аталған додада елордалық спортшы Сұлтан Қожахметов рапид бойынша күміс медаль иеленді.
«Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластар осал емес. Дегенмен «еңбек бәрін жеңбек»! Дейтұрғанмен жарыс әлі аяқталған жоқ. Ел намысын қолдан бермей, жаңа жеңіске ұмтылатын боламын», - деді Сұлтан Қожахметов.
Айта кетсек, байрақты бәсеке 6 шілдеге дейін жалғасады.